11 қазанда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың және Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Аманхан Әлімұлының 70 жасқа толуына орай «Жырдария» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараны филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып жүргізді.
Лента қию рәсіміне қатысқандар: Мұхтар Шаханов, Рақымғали Құл-Мұхаммед, Ұлықбек Есдәулет.
Сөз сөйлеген қонақтар: халық жазушысы, ақын, қоғам қайрат-кері Мұхтар Шаханов; белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед; қоғам қайраткері, ақын Темірхан Медетбек; белгілі ақын Аян Нысаналин; ақын, баспагер, филология ғылымдарының кандидаты Темірғали Көпбаев; әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке және т.б.
Іс-шарада ақын Аманхан Әлімұлы жайлы естеліктер тыңдалып, М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы және мектеп оқушылары автордың өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4 курс студенті Тілеубек Жанарыс Майлықожаның «Ата-ананың қадірі» атты термесін орындады.
Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Аманхан Әлімұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қалам тербеген ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қатысушылар: белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер, қоғам қайраткер-лері және БАҚ өкілдері.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |