+7 (727) 267-28-83

 DSC0066

18 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда Семей сынақ полигоны аумағындағы ядролық  жарылыстың тоқтатылған күніне орай «Невада-Семей» ядролық жарлысқа қарсы халықаралық қозғалыстың ардагерлері мен белсенділерінің дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелді белгілі ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түркітанушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Сүлейменов Олжас Омарұлы ашты.

Шараның модераторы белгілі журналист, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Жандаулетов Валерий Айтмұқашұлы.

Іс-шара барсында  Қазақстан Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев суретші, жәдігертанушы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, II дәрежелі «Барыс» орденінің иегер Азат Әкімбекті ҚР Журналистика Академиясының Публицистика саласы бойынша Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық сыйлықпен марапатады.

Сөз сөйлеген қонақтар: Азат Әкімбек, Мэлс Елеусізов, Гүлшара Урмурзина, Базиля Нұрахметова және т.б.

Шараға КСРО халық суретшісі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Морозов Борис Филиппович, Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің депутаты Тугунов Евгений Геннадьевич, қоғам қайраткері, ресейлік журналист Половинкин Иван Николаевич және  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

 DSC0050  DSC0046 DSC0018