+7 (727) 267-28-83

Қызмет  жетекшісі:

Сәйдембаева Әлия Шұратқызы

Байланыс тел.: +7-727-267-28-63

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Негізгі бағыттары:

- Қазақстанның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдары, мәдениеті мен өнері жайында іргелі библиографияны қалыптастыру;
- Қазақстанның қоғамдық ғылымдары, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен тіл білімі жөніндегі ағымдағы ғылыми ақпараттың библиографиясын қалыптастыру;
- Авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқорын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

- ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды (тарих, әдебиет, мәдениет пен өнер бойынша және библиографияның басқа түрлерін) дайындап шығару;
- ұсыныстық  библиографиялық  құралдарды: Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін, Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясын құрастыру;
- оқырмандар  сұранысы бойынша Қазақстан туралы күрделі  жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау;
- ағымдағы  ғылыми-ақпараттық  библиографиялық құралдар – реферативтік журналдар дайындап шығару;
- библиографиялық картотека мен баспалық библиографиялық құралдардағы библиографиялық жазуларды электронды түрге көшіру (конверсиялау);
- ұлттық авторитеттік жазбаларды: «есімдер», «әулет есімдері», «бірыңғайланған бас тақырып», «жағрафиялық атаулар», «пәндік айдар»; қалыптастыру үшін авторитеттік/нормативтік файлдарды ұйымдастыру, жүргізу және редакциялау.

Құрылымы:

- ретроспективтік  және ұсыныстық библиография тобы;
- авторитеттік файлдарды қалыптастыру тобы.

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 95 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.