2 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасына Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени кеңесшісі әрі ИИР-ның ҚР-дағы елшілігінің мәдени өкілдігінің басшысы Али Акбар Талеби Матин, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы мәдени орталығының басшысы Маджид Алигар, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы мәдени орталығының Ермекбаева Баян, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы мәдени орталығының аудармашысы Оқасов Ержан келді.
Кездесу барысында Ұлттық кітапхана директоры Б.Қ. Оспанова Ұлттық кітапхананың қызметі туралы әңгімелеп, өзара тиімді мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қонақтар үшін шет кітапханамен және шет елдердің мәдени және әдеби орталықтарымен таныстыру экскурсиясы жүргізілді.
![]() |
![]() |
![]() |