3 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ақын, аудармашы, журналист Ғали Ормановтың 115 жылдық мерейтойы аясында Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, «Мазмұндама» баспасынан жарық көрген Ресей жазушысы, кемеңгер, ойшыл Лев Толстойдың әйгілі трагедиялық «Анна Каренина» романының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.
Шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы ашып, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан жүргізді.
Лента кесу рәсіміне қатысқандар: ақының қызы Жамиға Орманова; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Кәкен Хамзин; «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Қайрат Мәтіреков; «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Алматы қаласындағы филиалының жетекшісі Сәуле Жиреншина.
Сөз сөйлегендер: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Арман Қалыбеков; ҚР кино қайраткері, ҚР кинематографиясының үздігі, профессор Шаяхмет Имашұлы; филология ғылымдарының докторы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, доцент, Ғали Ормановты зерттеуші, профессор Гүлжаһан Орда; Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ғ.Орманов атындағы кітапханасының директоры Айкен Қарасаева; Жетісу облысының Ақсу ауданы орталық кітапханасы директоры Дүйсекова Эльмира Жұмағазықызы және т.б.
Шара барысында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Қыздарбекова Гүлназ бен Ерімова Аружан ән салып, өнер көрсетті.
Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ғали Ормановтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Сырлы сезім ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қатысушылар: Ғ. Ормановтың қызы, жақындары мен туыстары, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, Астана қаласынан және Жетісу облысынан арнайы келген өкілдер, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |