+7 (727) 267-28-83

20221114 185939

14-16 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі, ИФЛА/ПАК Орталық Азия аймақтық орталығының үйлестірушісі, х. ғ. к. Сәрсенбаева Ботакөз Шағалиқызы Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Азия-Тынық мұхиты аймағының семинарына қатысты. Онда БҰҰ ЭСКАТО платформасында Қазақстандағы БҰҰ көтерген тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кітапханалар мен ақпараттың рөлі туралы баяндама жасады.

Семинар жұмысы тұрақты дамуды қолдау және Азия мен Океанияда ИФЛА ұсыныстарын одан әрі тарату үшін жергілікті, ұлттық және аймақтық деңгейлерде күшті және тұрақты кітапхана институттарын құруға бағытталған. Өйткені күшті және кәсіби ИФЛА қоғамдастықтарға жақсы әлем құруға көмектесудің негізгі факторы болып табылады.

Семинарға Азия мен Океанияның 33 елінен 50 маман қатысты.

20221116 160957   БШ   БШ2