8-18 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы Жазба құжаттарды консевациялау және қалпына келтіру мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консеваториясы Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметінің кітапханашысы Л.С.Шегерова оқудан өтті.
Құжаттарды ғылыми сақтау зертханасында Шегерова Л.С. құжаттарды биологиялық және физика-химиялық тұрақтандыру бойынша теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды да алды. Қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінде құрылғылар базасымен танысып, 14 кітапты қалпына келтіру бойынша консервация және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар мұқабалар мен парақтарды қалпына келтіруге арналған графикалық бағдарламаларда жұмыс істеуді үйренді.
Шегерова Л.С. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандарына құжаттамалық мұраны сақтау бағытында алған білімі мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде екі апталық оқудың соңында Шегерова Л.С. «Құжаттарды сақтау» курсын бітіргені туралы сертификат алды.