24 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет атташесі Ван Цинпин және Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының БАҚ пен жұмыс жөніндегі маманы Чен Хуэйминь келді.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова Ван Цинпинге жемісті ынтымақтастық, Қытай мәдениет және әдебиет орталығының жұмысына тұрақты қолдау көрсеткені, Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастырғаны, үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, сапар аясында директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы Чен Хуэйминді Қытайдың мәдениет және әдебиет орталығымен таныстырып, оның қызметі туралы айтып берді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |