8 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының қорытынды жиыны ретінде 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Шараны ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
Лента қию рәсіміне қатысқандар: Бақытжамал Оспанова, Маралбек Ермұқамбет, Байғали Есенәлиев, Меруерт Бәкібайқызы.
Іс-шараны алғашқы құттықтау сөзбен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.
Іс-шарада Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» ОӘҒЗО директоры Райхан Сахыбекқызы баяндама жасап, қатысушыларға «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясынан викториналық сұрақтар қойылып, «Ғасыр саңлағы» атты кітапты оқырмандарға және кітапханашыларға сыйға тартты.
Сөз сөйлеген қонақтар: «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет бейнесін сомдаған белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Есенәлиев Байғали Мақұлбекұлы; «Орхон» баспасының директоры Жәмиля Айдос; Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің «Тіл – құрал» ОӘҒЗО кеңесшісі Қайдар Байдыбекұлы; тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Досалы Салқынбек; «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясының продюссері Айсәуле Әбілдә; А.Байтұрсынұлының жиеншары Тыныбекова Меруерт Бәкібайқызы; ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызы және т.б.
Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы ұжымына, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова мен қоғамдық белсенділерге Алғыс хаттар, тарихшылар мен әдебиетшілерге Торғайдан жеткен мерейтойлық марапаттар табысталды.
Қатысушылар: ахметтанушы ғалымдар, ұлт ұстазы мұрасын насихаттаушылар, БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары, кітапханашылар және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |