+7 (727) 267-28-83

ааа

 Әлем әдебиеті қызметі корей алфавитіне арналған «Корей жазба мұрасы - Хангыль» атты виртуалды көрме дайындады.

Кітап көрмесінің басты мақсаты – корей тілінің түпнұсқалық жазылуы мен көпшілікке таралуын қарастыру, оқырмандардың корей тіліне қызығушылығын арттыру, сонымен қатар корей жазуының алуан түрлілігін, оның бірегейлігін көрсету, кітапхана қорын көрсету.

Хангыль — корей тілінің фонематикалық жазуы. Оны 1443 жылы Ұлы Седжон патша ойлап тапқан. Корей алфавитін оқу мен жазу жүйесін жеңілдету мақсатында жасады.

Кітапхана қорынан корей алфавитінің барлық әріптерін жазу және айту ережелерін, корей буындарын жазу қағидаларын және оларды оқу ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіретін кітаптар ұсынылды: «Panorama of 5000 years: Korean history» (1999), «King Sejong tһe Great: tһe everlastіng lіgһt of Korea» (2007), «Письмо корейского языка: правильное использование письменности Хангыль» (2014), «Хангыль, письменность коммуникаций и внимания» (2016), «Basic Hangul learning for foreigners» (2018), «Let's Learn Hanguel Together» (2019)және басқа да корей, ағылшын, орыс тілдеріндегі басылымдар.

Хангыльдың пайда болуы Кореядағы ғылымның дамуына үлкен үлес қосты, әсіресе корей тілі саласындағы зерттеудің дамуына түрткі болды. Қазақстандық оқырмандар да корей әдебиетіне қызығушылық танытып, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы «Кореяға терезе» кітап бұрышына келеді.

Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Бексеитова Тұрсынкүл және кітапханашы Алқамбай Аяулым «Корей жазба мұрасы – Хангыль» атты виртуалды библиографиялық шолу жасады.