+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы (NLRK) 2022  жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының ISIL Ұлттық тіркеу агенттігі болып бекітілді  және  ресми тізімге енгізілді. Ұлттық агенттіктің қызметі Қазақстан Республикасының барлық кітапханаларына кітапханалық кодтарын беру болып табылады.

https://slks.dk/english/work-areas/libraries-and-literature/library-standards/isil

ISIL (кітапханалар мен онымен байланысты ұйымдарға арналған халықаралық стандартты идентификатор) кітапханаға, мұражайға, мұрағатқа немесе байланысты ұйымға берілуі мүмкін. ISIL-коды  ISO 15511 стандартында ұйымдарды бірыңғай әлемдік ақпарат алмасу жүйесіне біріктіру құралы ретінде ұсынылған. ISIL-код  кітапханалар мен ұйымдардың жазбаларына, құжаттарына және қызметтеріне, сондай-ақ халықаралық кітапхана дерекқорларына  (каталогтарына) қол жеткізуді жеңілдету  мақсатында сәйкестендіруге арналған.

Кітапхана  кодын  тағайындау үшін хабарласыңыз:

Телефон: +7 (727) 267 28 73

email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.