+7 (727) 267-28-83

1457846781

9-20 қаңтар аралығында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары ҚР Ұлттық кітапханасы базасындағы Каталогизатор мектебі аясында іс-тәжірибелік оқудан өтті. 

Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен қатар каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сондай-ақ Ғылыми-әдістемелік, Сирек кітаптар мен қолжазбалар, Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметтерінің жұмысымен танысты.

Тәжірибелік сабақтар барысында құжаттардың библиографиялық сипаттамасы, сонымен қатар мерзімді басылымдар мен жинақ материалдарын іріктеу және аналитикалық библиографиялау мәселелері қаралды.

Оқыту ҚР Ұлттық кітапханасында әзірленген Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізілді.

Мамандарға құрылымдық бөлімдермен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, біліктілікті арттыру курсын оқығандары туралы сертификаттар табысталды.

ҚР Ұлттық кітапханасы біліктілікті арттыру мақсатында барлық кітапхана мамандарын Каталогизатор, Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектептеріне оқуға шақырады.

IMG 8533   IMG 8530   IMG 8536