+7 (727) 267-28-83

65585064 0008 4d56 a7a4 618cd31ffba7

3 ақпанда  ҚР  Ұлттық  кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында тарих ғылымдарының докторы, профессор Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызының «Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараның модераторы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеубаев Шәмек Баянұлы.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөндегі орынбасары Искалиева Нұрия Аманғалиқызы құттықтау сөзбен ашты.  

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаухар Кәкенқызы бұл еңбек – Германияның Түркістанға қатысты саясатын талдауға және түркістандық соғыс тұтқындарының тағдырын анықтауға арналған алғашқы кешенді зерттеуінің нәтижесі екенін атап өтті. Монографияда Германия, Польша және Ресей архивтерінен жинақталған құжаттық деректер пайдаланылған. Архивтік құжаттардың басым бөлігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр.

Сөз сөйлеген қонақтар: Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Алдажұманов Қайдар Сейсембаев; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы; Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Байғонақов Досбол Сүлейменұлы; Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы; Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторанты Стамшалов Еркін Иманғазыұлы.           

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, кітапхана оқырмандары мен студенттер, кітапханашылар және БАҚ өкілдері қатысты.

83ae1c6c a656 4eac ab41 2284a6ccc1cc   638ff744 59b4 4765 8007 f81aa4f13118