+7 (727) 267-28-83

3d448a13 a5af 45bb be34 826aeec6c603

3 ақпан «Қазақстан кітаптары» қызметінің Абай әдеби орталығында Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің оқытушы-педагогы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ахатаева Ғалия Байқоңырқызының «Дарияның өнегелі өмірі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның мақсаты - Ғ. Ахатаеваның өмірімен, ғылыми қызметімен және шығармашылығымен таныстырды. Жазушымен кездесу әрқашан жаңа авторлармен, оның кітаптарымен танысуға және шығармашылық мамандық туралы көбірек білуге, сондай-ақ қызықты пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ғ. Ахатаеваның  еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылды.

Іс-шараны «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ.Н.Қасымбекова жүргізді.

Іс-шараға  Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің және Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен мамандары қатысты. Кездесу барысында жазушы өзінің шығармашылығына қатысты қойылған сан алуан сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысушылар Ғ. Ахатаеваның  шығармашылығына зор құрметтері мен ниеттерін білдірді.

Іс-шара соңында ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Г.Б. Ахатаева жаңа кітабын сыйға тартты.

2 1   245787548