Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қоры «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Асел Аяпованың «Карьера как проект» кітабының бірнеше данасымен толықты.
Кітапты автордың өкілі Гаухар Бисенғалиева табыстады. Кітапта адам өмірі табысқа бағытталған жаһандық жоба ретінде көрсетілген. Мансаптық өсу, тиімді қоғамдық қызмет және отбасылық бақытты өмір. Бұл кейбір жандар үшін алынбас қамал болуы мүмкін. Бірақ автор кәсіби жоба менеджері ретінде бұл жетістікке жету мүмкін екендігін дәлелдейді. Ол үшін ерінбей еңбек ету қажет.
Егер сіз өз өміріңізде мансаптық өсу мен тиімді қоғамдық қызметке және отбасылық бақытқа жеткіңіз келсе, бұл кітап сіздің бағыттаушыңыз болады. Кітапта іс жүзінде қолданатын нақты іс-әрекеттер мен дәлелдер келтірілген.
![]() |