4 сәуірде Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Аширова Фарида Гайдарқызы Ресей мемлекеттік кітапханасы, А.С.Пушкиннің мемлекеттік мұражайы және Ресей білім академиясының білім және мәдениет бөлімі ұйымдастырған «А. С.Пушкин және кітап» (Мәскеу, Ресей) атты онлайн форматтағы ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференцияда «Қазақстан Пушкиниана» презентациясы ұсынылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан А.С.Пушкин шығармаларының қазақ тіліне аудармалары көрсетілді. Ұсынылған кітаптардың мәтіндері 1926-1936 жж. аралықтарында Қазақстанда басылып шыққан араб және латын графикасында жазылған, 20 ғасырдың бірінші жартысындағы Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Тайра Жароков, т.б. Қазақстанның көрнекті жазушылары мен ойшылдарының Пушкин шығармаларының қазақ тіліне аудармалары ұсынылды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға шетел кітапханаларының мамандары: Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Якуб Колас атындағы Орталық ғылыми кітапханасының (Минск, Беларусь Республикасы), В.И. Ленин атындағы Гомель облыстық ғылыми кітапханасының (Гомель, Беларусь Республикасы), Әзірбайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы (Баку, Әзірбайжан) қатысты.