3-7 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Энергетика министрлігінің «Ядорлық физика институты» РМК кітапханашысы Қанағатова Камшат Ахатқызы кітапхана қорын қалыптастыру және өңдеу, пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, кітапхана қорын сақтау және цифрлау, библиографиялық деректер базасын қалыптастыру, библиографиялық құралдар құрастыру және баспа өнімдерін жасау, ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша тәжірибелік оқытудан өтті.
Оқу соңында К.А.Қанағатоваға директордың ақпараттық технологиялар және инвациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева біліктілікті арттыру туралы сертификат табыстады.
К.А. Қанағатова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта кітапханада өткізілетін іс шараларға қатысуға ниет білдірді.
![]() |
![]() |
![]() |
||