Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы танымал кинорежиcсер Бекарыс Елубайдың «Ақ боз үй» фильмін тамашалады.
Кино туынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген.
Қазақ тарихындағы ашаршылық, қуғын-сүргін жылдарындағы қасірет пен тағдыр тауқыметін тартқан жазықсыз жандардың өмірі суреттелген фильм көрерменге тәуелсіздік ұғымының қадіріне жетіп, бейбіт күннің бағасын пайымдау үшін санаға ой салғаны анық.
![]() |
![]() |
![]() |