18 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Жазушылар одағының І. Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты Рафаэль Ниязбектің 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші өтті.
Шараны ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы жүргізді.
⠀
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.
⠀
Еске алу кешіне Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Отарбаев Мәлік Нұржанұлы арнайы келіп, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын және ақынның жары Гүлжан Мұхамадиеваға алғыс хатын табыстады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлының құттықтау хатын модератор Жақып Бауыржан Өміржанұлы табыстады.
⠀
Сонымен қатар, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы Алматы қаласы әкімінің, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қәдірбек Құныпияұлы Алматы облысы әкімінің, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Сламбекова Ұлана Сламбекқызы Жамбыл облысы әкімінің құттықтау хаттарын табыстады. «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің бас директоры Дәуіт Оралхан Абдрашұлы ақынның туған жері Талас ауданы туралы «Таңғажайып Талас» атты кітапты ҚР Ұлттық кітапханасының қорына және ақынның жарына сыйға тарту етті.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |