21 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАП шоу-2023» фестивалі өтті.
Фестиваль түркі мемлекеттерінің ұйымы жариялаған «2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы» аясында ұйымдастырылды.
Фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын көтеру және кітап оқу мәдениетін дамыту, сондай-ақ, түркі халықтарының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау.
Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, «КІТАП шоу-2023» фестивалінің басты мақсатына, шара аясындағы әдеби-танымдық, мәдени шараларға тоқталды. Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Халбеков Арман Бейсенбайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы; Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов; танымал француз фотографы, «Жанды кітаптар» фотокөрмесінің авторы Жан-Марк Годес және т.б зиялы қауым өкілдері.
«КІТАП шоу-2023» мерекесі аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция; Қырғызстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Айтматовтың 95 жылдығына арналған «Шыңғыс Айтматовты оқимыз» атты халықаралық дөңгелек үстел; «ABAI» әдеби-танымдық, анимациялық энциклопедиясының тұсаукесері және кітап авторлары Р.Зайкеновамен, Қ.Қараевамен кездесу; Танымал француз фотографы Жан-Марк Годестің «Жанды кітаптар» фотокөрмесі және шеберлік сағаты; Танымал поляк жазушылары Петр Войцеховскиймен онлайн-кездесу; «Өркениет қайсысы: кітап немесе айфон» пікір талас алаңы; ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Түркі әлемінің бірлігі» атты күйтабақтар, кітаптар және мерзімді басылымдар көрмесі; Қазақстандық баспалардың кітап өнімдерінің сауда-жәрмеңкесі; «Оқы және өзгеге ұсын» буккросинг; Ұлттық шығармашылық қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мерекенің құрметті қонақтары: Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Бобохонзода Равшан Арабшах; Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы вице-консулы Абдурасулова Гүлзат Ырысбекқызы; Түркия Бас консулдығының білім беру жөніндегі атташесі Кираз Мехмет; Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының ассистенті Ақбота Махмудова; «Алматы Француз Альянсы» Орталық Азия бойынша атқарушы директоры, үйлестірушісі Фуке Вивьен; Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілі Халбеков Арман Бейсенбайұлы; «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Жәнібек Бәкірұлы Нәлібаев, Алматы қаласы мәдени орталықтарының өкілдері және т. б.
Қонақтар мен қатысушыларға мерекелік концерт ұсынылды: «Ильдизлар» түрік би тобының «Айдачырак» биі («ZARA CRACIA» би тобының солисті Сона Караева, көркемдік жетекшісі Мелика Шехрибан); Әзірбайжан биі «Сара гялин» (көркемдік жетекшісі Пирвердиева Зарина Ягубовна); Халық әні «Комузчу» («Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігінің әншісі Марипа Керімбекова); Өзбек Хорезм биі «Лязги» мерекелік шоу-балет Алматы қаласының Өзбек ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі; «Шашу» Қазақтың ұлттық биін ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары орындады.
Мерекелік шараға қазақтың белгілі жазушылар мен ақындары, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |