21 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВТЫҢ 100 жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Шараның мақсаты – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Мұзафар Әлімбаевтың өмір мен шығармашылығын, балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығын, балалар қаламгерлерінің жаңашылдығын, қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін насихаттау.
Іс-шараның модераторы – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы жүргізді.
Баяндамашылар: «Мұзағаңның ақындық әлемі» - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы Жақып Бауыржан Өміржанұлы; «Мұзафар Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті» - М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы; «Мұзафар Әлімбаев және балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығы» - М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызы; «Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі» - Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлы; «Балдырғандағы» бақытты күндер» - Қазақстан Жазушылар және Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұразхан Еркін; «Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған» журналы» - «Балдырған» журналының бас редакторы, журналист Мағұлұмов Дүйсен; «Мұзафар Әлімбаев және балалар әдебиеті» - «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, ақын Байтұрсынұлы Дәулетбек.
![]() |
![]() |
![]() |
||||
![]() |
![]() |
![]() |