21-сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАП шоу-2023» фестивалі өтті.
Фестивальда «Эрудит» кітап дүкенінен әр-алуан тақырыпты қамтитын кітаптар және де қазақстандық ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың және «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат ордені»нің иегері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің жеке кітапханасынан көптеген данада кітаптар көрме сөрелерінен орын алды.
![]() |
![]() |