21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жыл сайынғы «KITAП шоу-2023» фестивалі аясында Дін және дәстүр залында мектеп оқушылары мен студенттер топтары арасында кітап немесе ұялы телефонның қайсысы жақсы және пайдалы деген сұрақ бойынша пікір-талас алаңы өтті.
Дебат өте қызықты және тартысты болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова шара қонақтарына, «Qyr Balasy» қоғамдық қорының атқарушы директоры, модератор Ертай Біләлға және іс-шараға қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия оқушылары мен Алматы қаласындағы көлік және коммуникация колледжінің студенттеріне алғыс хаттар мен кітаптар сыйға тартылды.
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |