22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасына «Евразия» компаниясының директорының орынбасары Қамитхан Сәкенұлының бастауымен Қытай Халық Республикасының Бейжің және Қытай Халық университеттерінің ғалымдары, оқытушылары, Қытай «Достық» баспасы компаниясының, Қытай «Яньшань» баспасының директорлары мен қызметкерлері келді.
Шетел қонақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова қарсы алды.
⠀
ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т.Туяқова, «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ.Н.Қасымбекова келген қонақтарға кітапхана қызметімен таныстырып, оқырман залдарына экскурсия жасады.
⠀
Қытай мәдениеті мен әдебиеті залыныңда Әлем әдебиетінің кітапханашысы Қадай Қамия арнайы шолу жасап, жаңа түскен әдебиеттер топтамасымен, кітап көрмемен таныстырып, жыл бойы өткізіп жатқан іс-шараларды айтып өтті.
⠀
Қонақтар кітапхана қорындағы «Халық университеті» баспасынан шыққан әдебиеттерді көріп куанып қалды. Корымыздың бай және қазіргі оқырмандардың сұранысын қаңағаттандырып жатқанына тәнті болды.
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |