4 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында Алматы қаласындағы 8 ауданның ардагерлер ұйымдары мен орыс этноорталығының қатысуымен екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 78 жылдығына арналған көркемөнерпаздар концерті өтті.
Шараның мақсаты − жастардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін ояту, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
⠀
Шараны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Ахан Құсайынұлы құттықтау сөзбен ашты.
⠀
Шара аясында Алматы қаласының Бостандық, Алмалы, Медеу, Әуезов, Жетісу, Алатау, Наурызбай және Түріксіб аудандарының ардагерлерінен құралған шығармашылық ұжымдары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
⠀
Ардагерлердің шығармашылық ұжымдарының репертуарына соғыс жылдарындағы кеңес халқының батырлығын дәріптейтін әндер мен өлеңдер енген.
⠀
Қатысушылар: БАҚ өкілдері, студенттер, кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
||||
![]() |
![]() |
![]() |