Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында барлық қазақстандықтардың қатысуымен өткен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға белсене қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Диктант жазуға кітапхана әкімшілігі, құрылымдық бөлімдердің жетекшілері және жастар қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |