+7 (727) 267-28-83

4e30e4e5 1403 4b87 8f01 8e1a5d867d73

17 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында академик, шейх Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлының «Араб, парсы деректеріндегі Тараз және таразилер (Х-ХХ ғ.)» және «Забытые мыслители великой степи (IX-XX вв.)» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы белгілі журналист Марат Тоқашбаев.

Шарада Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәлелұлы Оспан марқұм  Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлының рухына құран бағыштады. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлының құттықтау хаты табысталды.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, генерал Сәт Тоқпақбаев, ТҮРКСОЙ  Халықаралық ұйымының Алматыдағы өкілі Мұханова Қайрат Саматұлы, БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар департаментінің Басшысы, Властимил Самек және жары Рахия Бәкірқызы.

4deab318 3e9d 45c2 a8dc 82cee8d416e6   22c94d54 8e6a 46fa abe9 4ddfff9d827f   627f85ec 6d24 4bf5 b4ef 2d48f4eaacf7
888c3e47 566d 4f2a ae81 be527d5fb3d5   a664c532 5b05 45c7 8f67 e3b9224926bd   d316fe22 ad2c 47a0 bdd5 27a0a483e1a2