+7 (727) 267-28-83

7ef13d21 7786 4267 8f91 09c29277c2c7

17 мамырда Өнер бөлімінде XIX ғасырдағы белгілі қазақ музыканты, композитор, күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

Іс-шараны директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорына А.Райымбергенов, С.Райымбергенованың «Властелитель кюев Казангап»; «Күй төресі Қазанғап»; «Қазанғап. Күйлер. Казангап. Кюи» жаңа кітаптарының даналары сыйға тартылды. Сондай-ақ, авторлар-А.Жайымов, Б. Ысқақов, Қ. Сахарбаева, А. Жайымның «Домбыра сазы» кітабы.

Кеш қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Сахарбаева Карима; Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкант, күйші-домбырашы, композитор Әбілтаев Шамиль; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, музыкалық колледждер мен мектептердің оқушылары, кітапхана оқырмандары және т. б.

Кештің модераторы белгілі күйші, өнертану ғылымының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, «Мұрагер» бағдарламасының авторы, «Көкіл» тұңғыш жекеменшік мектебінің директоры – Абдулхамит Райымбергенов болды.

Әдеби-музыкалық кешті профессор Сахарбаева Карима, композитор Әбілтаев Шамиль өткізді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің, Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясының, № 46 мектеп-гимназиясының оқушылары Құрманғазының шығармаларын орындады.

5b5340d8 463a 410e a45d 49f6528f5c46   06bfafed ad80 43b6 82ee 28f0360b415a   87fba91d 48d4 4811 b362 b64b54afcc1d
d50f2c91 86bc 4bc1 904d c5d1d97c53e2   c978e47f 000c 4479 9553 07c38f308bb1   ebdd5fbe 8328 4b44 aeb3 86d1dc873f0e