+7 (727) 267-28-83

12129d55 f6f2 4209 abde c4b87d87258b18 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Ұлттық кітапханасы Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Қ.М.Изамбекова мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова «Шалқар» радиосы «Алтын тамыр» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған бағдарлама барысында радио тыңдаушылары ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және пайдалану жөніндегі қызметімен, оларды насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды іс-шаралармен танысты.

Тікелей эфир барысында радио тыңдаушылары өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, Қазақстан қоғамын дамытуда ҚР Ұлттық кітапханасының одан әрі өркендеуі мен табысты жұмысы үшін алғыстары мен тілектерін білдірді.