+7 (727) 267-28-83

11112222233333

23 мамырда Н.Дәулетова залында жазушы, эссеист, әдебиеттанушы, PhD докторы, философия ғылымдарының кандидаты Әсел Омардың «Әдебиет – ынтымақтастық пен бостандыққа апарар жол» тақырыбындағы «Әліпби», «Тәңіршілдік мифологиясы. Жеке және Құдайшылдық» және «Асқаров уақыты» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны философия ғылымдарының докторы, философ, филолог, мәдениеттанушы Наурызбаева Альмира Бекетқызы жүргізді.

Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Шарада сөз сөйлеген қонақтар: Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Нұжан Қуантайұлы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Асқарова Әлібек Асылбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Абдрахманова Сауытбек Абдрахманұлы, түрік жазушысы Тарик Гюнерсель, «Интеллектуальная собственность» журналының бас редакторы, ақын, жазушы Адалат Исмаилов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ақын, драматург Дидар Амантай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Бақытжан Қанапиянов, АҚШ-тың әдебиет аудармашысы Шелли Фэйрвезер Вега, жазушы, режиссер Асылбек Ихсан және Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының президенті, жазушы Ғабдулин Бигелді Қайырдосұлы және т.б. ақын-жазушылар.

Шара офлайн және онлайн (ZOOM) форматта өтті.

Іс-шараға белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар, әдебиеттанушылар, кітапханашылар, оқырмандар, оқытушылар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

112233445566   112233344556566   1122334455666652
111223554414755   1564769435415876132468   1122326654132697123