25 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшановтың «Айырылу, табысу және арылу туралы толғам» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараны филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы жүргізді.
⠀
Лента қию рәсіміне қатысқандар: академик Мұрат Жұрынов, академик Мәмбет Қойгелді, белгілі дәрігер Мүсілім Дайырбеков, академик Тілектес Есполов.
⠀
Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, жоғары дәрежелі стоматолог-дәрігер Мүсілім Дайырбеков; Түркі әлемі халықаралық сыйлығының иегері, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, академик Мұрат Жұрынов; тарих ғылымдарының докторы, академик Мәмбет Қойгелді; белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов; Қонаев атындағы университеттің ректоры, профессор Өмірәлі Қопабаев; Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер Тұңғышпай Жаманқұлов; ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тілектес Есполов; филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ; тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев және т.б. зиялы қауым өкілдері сөз сөйледі.
⠀
Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Амалбек Тшановтың өмірі мен еңбек жолына арналған көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, белгілі ақын Қазырет Бердіхан арнау айтып, ағайынды Ғаламат және Нұрәли Бейсеқожаевтар өнер көрсетті.
⠀
Қатысушылар: әдебиеттанушы ғалымдар, зерттеушілер, әдебиетшілер, ақындар мен жазушылар, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері.