+7 (727) 267-28-83

349535393 1908860279495476 3566145087387100676 n

26 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Халықаралық кітап алмасу жұмысы аясында әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі АҚШ-тың Конгресс кітапханасынан жаңа әдебиеттер алынды. 

 Кітаптар мазмұны жағынан кең  ауқымды. Бұл әлемнің үздік ғылыми кітаптары - тарих, философия, экология, психология, медицина және т.б. ғылым салаларын қамтиды.    

Осы кітаптардың ішінен қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жаһандық жылыну, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі, солардың ішінде «Exploring apocalyptica: coming to terms with environmental alarmism» (Апокалипсисті зерттеу: экологиялық дабылмен келісімге келу),  «Oxford dictionary of scientific quotations» (Оксфорд ғылыми дәйексөздер сөздігі), «Developments in information security and cybernetic wars» (Ақпараттық қауіпсіздік пен киберсоғыс саласындағы жетістіктер), «Discursive psychology; classic and contemporary issues» (Дискурсивті психология: классикалық және замануи мәселелер), «Сompendium of the study of philosophy» (Философияны зерттеуге арналған жинақ, «Аstrolabes in medieval cultures» (Ортағасырлық мәдениеттегі астролябтар), «Mamluk historiographyrevisited: narratological perspectives» (Мамлюк тарихнамасына жаңа көзқарас: нарратологиялық перспективалар) туралы әдебиеттер.

Ұсынылған заманауи кітаптар үшін американдық әріптестерге алғысымызды білдіреміз.

Кітапсүйер қауымды бұл кітаптар таңқалдырады және шабыттандырады.

349115550 238592242201528 700275488927170633 n   349128663 3079253085715668 1722672186290714055 n   349120679 1969656436762747 7908913079485869440 n