+7 (727) 267-28-83

Гулмира

24-27 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы «Ақпараттық қоғамдағы мұралар институты және кітап, оқу дағдысы» тақырыбында өткен ІІІ-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты (Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи мұражайы, Бішкек қ.).

Конференцияны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры, ЮНЕСКО-ның «Барлығына арналған ақпарат» бағдарламасының Ресей комитеті, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі және Ресей Федерациясы цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде оқудың, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің арасында оқудың маңыздылығы мен өзектілігін арттыру және нығайту.

 Конференция жұмысы ТМД елдерінің ғылым, білім, мәдениет, коммуникациялар және ақпарат саласындағы ұлттық музейлердің, ғылыми институттардың, кітапханалардың, билік органдары мен мекемелердің, баспалардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнестің басшылары мен өкілдері қатысқан 6 секцияда жалғасты.

«Кітапханалар және цифрлық әлемдегі оқуды қолдау» секциясы жұмысында Г.А.Маханбетова «Қазақстанның «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасындағы «Оқитын ұлт» бағдарламасы» тақырыбында  баяндама жасады.

Конференция барысында балалар мен жасөспірімдер оқуын дамытудың өзекті мәселелері мен әдістері талқыланды.

бишкек   aed15552 8efe 4ce1 b0ce 701923b616ea
бишкеккыргыз   bdca631f 5094 48c7 b999 b085a50f028c