+7 (727) 267-28-83

350522934 218486477622342 6532611972899447418 n

30 мамырда Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнестің шақыруыменен ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Матаева Нұрзада Төкенқызы мен Нүсіпбекова Гүлбану Тұрсынқұлқызы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Талғар ауданы, Жаңалық ауылындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде өткен «Азалы жылдар мен азапты жолдар: тарих сабағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Бұл шараға шет мемлекеттерден және еліміздің әр облысынан ғалымдар қатысып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар,саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына байланысты «Арыс» баспасынан шыққан кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтіп, ҚР Ұлттық кітапханасы қорына сыйға тартылды. Атап айтсақ: «Алатау өңірі. Алаш қайраткерлері», Әбсадық Алмасбек «Серт», Бәкір Әбдіжәлел «Мұстафа Шоқай: өмірі мен қызметі, шығармашылығы», Қожықов Қоңырқожа «Шығармалары», Танашев Елтай «Мүбинә Ниязова: Алаш азаттығы жолында», «Түркістан облысындағы 1920-1921 жж. және 1930-1933 жж. Ашаршылық», «Бостандық және Созақ аудандарындағы көтерілістерге қатысты архивтік құжаттар мен мақалалар жинағы» және т.б. Бұл құнды туындыларда халықтың басына күн туғанда, атойлап алға шыққандардың солақай саясаты салдарынан «Халық жауы» атанып, жаласыз жапа шеккен арыстарымыз және де 1921-1933 жж. аралығындағы қазақ халқының басына түскен ашаршылық қасіреті туралы баяндалады. Оқырман игілігіне жол тартқан бұл ғылыми жаңа кітаптар зерттеушілер мен тарихқа қызығушылық танытқандарға құнды қазына болып табылары сөзсіз.

350279557 1303767207209106 6536821276385024253 n   350640691 1637233233411074 6256415229894156235 n