2 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында жас қаламгер Жәмиля Бахтиярқызының «Қарлығаш (Махаббат ескерткіші)» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы ашып, сөз кезегін модератор – журналист Әзімбек Қойлыбайға берді.
Тұсаукесерде Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы Дулат Исабеков, жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова, ҚР Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз» иегері, ұстаз (Жəмиляның ұстазы) Аягүл Миразова, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Марат Тоқашбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, жазушы Марал Ысқақбай, этнограф Бағдат Мүптекеқызы «Қарлығаш (Махаббат ескерткіші)» атты туындының лентасын қиып, құттықтау сөзбен жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, Жәмиля Бахтиярқызының шығармашылығына арналған бейнероликтер мен поэтикалық композициялар көрсетілді.
Автор өз шығармашылығынан белгілі күйші-композиторлар Ғаламат пен Нұрәлі Бейсеқожаның аудио-визуалды сүйемелдеуімен «Ұмытпа», «Аналар арманы», «Жаратушы», «Бақыт құсы» және «Ұлы дала толғауы» өлеңдерін оқып, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Мерекелік шарада күйші Мұхтар Əділ, Нұрлан Өнербаевтың үлкен ұлы Мақсат Өнербаев өнер көрсетті.
Шараға белгілі жазушылар мен ақындар, әдебиеттанушылар, оқырмандар, оқытушылар мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |