+7 (727) 267-28-83

350786653 207890312176432 4553926643197688495 n

1 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында 1 маусым − Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Көкжиек - Горизонт» баспасынан шыққан «Я вам сказку расскажу. Сказки Казахстана» атты 32 этностық ертегілер жинағының тұсаукесері және балаларға арналған музыкалық кеш өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы және «Көкжиек -Горизонт» кітап баспасы.

Шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, әртүрлі ұлт пен ұлыстарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Сәлменбаева Толқын Тұрғалиқызы, Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы дүнгентану және қытайтану орталығының жоғарғы ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Исмаева Рахима Мухмеевна, «Шин-лайн» компаниясының өкілі Сүлейменова Динара Жеңісбекқызы және «Көкжиек - Горизонт» баспасының директоры Индира Анатольевна сөз сөйлеп, Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, «Я вам сказку расскажу. Сказки Казахстана» атты 32 этностық ертегілер жинағының құрастырушысы Новосельцева Наталья Владимировна аталмыш жинаққа тоқталып, жинаққа енген ертегілерден үзінді оқыды.

Шарада Алматы қаласы этномәдени орталықтардың өнерпаз балалары өнер көрсетіп, қатысушы балаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, «Шин-лайн» компаниясы барлық балаларға балмұздақтар таратты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шараға «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, этномәдени орталықтардың балалары, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

198667e5 cbb9 456d 9415 9bc063ab40ea   350249722 645798506973883 2372599928952537107 n   350251323 978100830293317 1005955630829803152 n
350516849 3569233200020456 6119230469484871459 n   350517186 801953801122063 835835845707725246 n   350801268 802005558031658 9180054573315821779 n