1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасы Кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Балаларды «Лол Клякса», «Темір адам», «Ақшақар», «Эльза» сияқты аниматорлар қарсы алды. Балалардың көңілдерін көтеру үшін оларға твистинг, аквагрим ұсынылды.
Балалар «Шалқан» ертегісінің негізінде қойылым тамашалап, кітапхана жастарымен бірге «Тик-ток» трендтерінен би биледі. Сондай-ақ, «Үлкен көбіктер» шоуы көрсетіліп, «Кім жылдам» визуалды ойыны және «Бауырсақ» ертегісінің желісімен квест ойнатылды.
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |