+7 (727) 267-28-83

жошы гл15-16 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында белгілі ақын, жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» атты тарихи романының тұсаукесері өтті.

Шараны модератор - Жазушылар одағының басқарма мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.

Шарада Кәдірбек Сегізбаев, Аққұштап Бақтыгереева, Мылтықбай Ерімбетов сынды белгілі қаламгерлер бастаған топ кітаптың тұсаукесер рәсімін жасап, Ұларбек Дәлейұлының анасы жиналған қауымға шашу шашты.

Шара соңында белгілі жазушы Ырысбек Дәбей, ақын Бақытбек Бәмішұлы және т.б. қатысушылар кітап туралы ой пікірлерімен бөлісті.

Қатысушылар: студенттер, оқырмандар, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері.