+7 (727) 267-28-83

даулетбек гл2024 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлының «Хылует» атты өлеңдер жинағының және «Ерлік ескірмейді» атты сын және сұқбат мақалалар жинағының таныстырылымы өтті.

Шараны ақын, қазақ радиосы Алматы бөлімшесінің редакторы Құтпанбай БақытЖағыпарұлы жүргізді.

Шарада ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ құттықтаусөз сөйлеп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

Сондай-ақ, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантай; «Қазақстандәуірі» газетінің бас редакторы, журналист, жазушы Ертай Айғалиұлы; ақын, «Зейнолла Сәнікатындағы мәдениетті қолдау қорының» директоры Серік Қали; Қырғыз Ұлттық Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Президент сыйлығының иегері, Алықұл Османов атындағы ұлттық кітапханасының бөлім басшысы Махаббат Молдалиева; Қазақстанның халық жазушылары: Смағұл Елубай, Ахметжан Ашири; журналист, ақпарат саласының үздігі, Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Тұрсын Калимова; «Қазақстан дәуірі» ЖШС бас директоры Сәуле Мешітбайқызы; «Өртекестік» жерлестері атынанұстаз Бектұрған Уайісбайұлы және жазушы СерікНұғыман және т.б. ақын-жазушылар сөз сөйледі.

Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының «Хылует» жинағына осы кезеңге дейінгі жазылған таңдамалы өлеңдері, лирикалық поэма-толғаулары енгізілген.

Сондай-ақ, соңғы кезде жазылған жаңа өлеңдері жинақталған. Кітап 24 б.т., 384 бет көлеміндебасылып шықты. Ал «Ерлік ескірмейді» кітабы сын және эсселерден тұрады. Көлемі 23 б.т., 368 бет.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Дәулетбек Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалығына арналған кітап және баспа беттеріндегі мақалаларынан көрме ұйымдастырылды.

Қатысушылар: мемлекет және қоғамқайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер және БАҚ өкілдері.

даулетбек1   даулетбек3   даулетбек4
даулетбек2   даулетбек5   даулетбек6