18 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында көрнекті ақын, зерттеуші, дипломат, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Олжас Сүлейменовтің 88 жасқа толуына арналған «Ғасыр авторы» атты мәдени-ағарту іс-шарасы өтті.
Шараны модераторлар: ақын, «Қазақ радиосы» Алматы бөлімшесінің редактор-жүргізушісі Құтпанбай Бақыт Жағыпарұлы мен танымал журналист Дина Маратқызы жүргізді.
Шараны құттықтау сөзбен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Олжас Омарұлының «Век прозренья» атты жаңа кітабының ақынның қатысуымен лентасын қиған бейне-тұсаукесерін ұсынды.
Ақын Олжас Омарұлы бейне құттықтау арқылы сөз сөйлеп, тұсауы кесілген «Век прозренья» кітабының әрбір оқырман үшін құнды әрі ғұмырлы болуына сенім білдіріп, іс-шараға сәттілік тіледі.
Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің, Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бауыржанұлы Бекеттің Олжас Омарұлына жолдаған құттықтау хаттары оқылып, ізгі тілектері жеткізілді.
Тарих саласындағы философия докторы (PhD), ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығының сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Крупко Игорь Владимирович сөз сөйлеп, Олжас Омарұлы туралы архивтік материалдар негізінде арнайы дайындалған шағын деректі фильмді таныстырды.
Сондай-ақ, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Жандаулетов Валерий Айтмұқашұлы сөз сөйлеп, ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Исаділ Алмат Олжас Сүлейменовтің өлеңдерін қазақ тілінде оқыды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |