Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қаласында өтіп жатқан «Орталық Азияның тарихи географиясы» халықаралық конференциясына қатысушы шетелдік және отандық ғалымдар делегациясы арнайы келді.
Құрамында PhD, Гарвард университетінің Халықаралық істер жөніндегі вице-провосты, Қытай жәні Ішкі Азия тарихының Марк Шварц профессоры Марк Эллиотт, Қожа Ахмет Ясауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур, Жапонияның Рицумэйкан университетінің PhD Кайхе Айсие Гиоро, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Нұрлан Кенжеахмет, т.б. делегация өкілдері кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесті.
Кездесу барысында ғалымдар кітапхана қызметімен және оқу залдарымен, сондай-ақ Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы шағатайтіліндегі құнды қолжазбалармен танысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |