2024 жылғы 20 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстандық «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайн одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық идеология – қазақ өнерінің діңгегі» атты республикалық ғылыми конференция өтті.
Конференция аясында республика көлемінде шығармашылықпен айналысатын көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен дизайнер мамандарының «Алдаспан» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның модераторы «Қазақстандық «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайн одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Кодеков Қанағат Қалиұлы.
Ғылыми конференция мәдениет саласының үздігі Б. Құрмашұлының алғы сөзімен ашылып, Түркия, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірлігі өкілдерінің бейнематериалдар арқылы құттықтауларымен жалғасты.
Іс-шарада «Ғабит Мүсірепов» қоғамдық қорының президенті, тарихшы, этнограф Ғабиден Жакей, ҚР Білім беру ісінің үздігі Ақбердиева Раушан, «Қазақстандық «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайн одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Алмасбекова Гауһар, қоғам қайраткері Қазбек Бейсебаев және т.б. сөз сөйлеп, баяндамаларын ұсынды.