2024 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Әлем халықтары жазушылар одағының (ӘХЖО)құрылғанына 10 жыл толуына орай осы Одақтыңнегізін қалаған ақын, сазгер, БҰҰ Бейбітшілік Миссиясының елшісі Қайрат Дүйсен-Парман Әбсатұлын еске алу кеші өтті.
Ұйымдастырушылар: Әлем халықтары жазушылар одағы мен ҚР Ұлттық кітапханасы.
Шара аясында ақын, сазгер Қайрат Дүйсен-Парман Әбсатұлының «Серпін-IMPULSE» кітабының таныстырылымы жасалып, Ұлттық кітапхана қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әлем халықтары жазушылар одағының құрылғанына биыл 10 жыл. Осы кезең ішінде аталған шығармашылық ұйым еліміздің әдеби-мәдени өмірінде өзінің кең тынысты қолтаңбасымен, сан алуан ұйымдастырушылық, іскерлік даралығымен танылды. Әлемнің 94 елінде ӘХЖО-ның өкілдіктері мен өкілдері жұмыс істеуде. Жылына 4 рет жиырма тілде «ҒАЛАМШАР ӘДЕБИЕТІ» (GLOBAL LITERA) атты дүниежүзілік әдебиет және өнер альманахын, Әлем Халықтары Жазушылары одағының АНТОЛОГИЯСЫН (1, 2 кітаптары), сондай-ақ ұйым мүшелерінің өмірбаяндық-танымдық энциклопедиясын жарыққа шығарды.
Қайрат Дүйсен-Парман Әбсатұлының «Серпін» өлеңдер жинағы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде автордың бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері мен шет тілдердегі аудармалары топтастырылса, екінші бөлімде әлемнің әйгілі ақындарының шығармаларынан жасалған аудармалары түпнұсқасымен қоса берілген.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
Шараны белгілі диктор, ҚР Мәдениет қайраткері Серіков Аманжан Еңсебайұлы жүргізді.
Шарада ӘХЖО Президенті Гүлхан Айтақынқызы, президенттің орынбасары Тұңғышбай Төрегелдиев, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ізтілеу Тойшыбайұлы, ӘХЖО мүшелері, ақын, жазушы Дүйсебаев Сәбит Райысұлы, сыншы Сламова Ажар Сапарғалиқызы және ақын, жазушы, журналист Әкежан Болат Құрманғажыұлы, Қырғызстан Республикасынан келген «Рух-Бейне» халықаралық академиясының президенті, ақын Қайыргүл Жолдошбекқызы және академик, ғалым, Ел жазушысы Сулайман Рысбаева сөз сөйледі.
Қатысушылар: ӘХЖО-ның мүшелері, зиялы қауым, студенттер, магистранттар, докторанттар, БАҚ өкілдері және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |