25 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында 26 маусым - Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Алматы қаласы «Психологиялық денсаулық сақтау орталығының» нарколог-дәрігері – Трубникова Анна Александровна, Алматы қаласы полиция пепартаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы, «Ариана» ауған этномәдени орталығының аналар кеңесінің төрайымы Мохаммад Анна Павловна, ҚР Қазақстан Халқы Ассамблеясы "Әзірбайжандар қауымдастығы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының Әзірбайжан әйелдері кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы Аналар кеңесінің мүшесі Мамедова Джейран Ягубовнаның қатысуымен «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбындағы кітапхананың мамандарымен кездесу өтті.
Шараның мақсаты – адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға және жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы жүргізді.
Өз кезегінде қонақтар есірткінің медициналық тұрғыда адам ағзасына зияны мен оның түрлері және есірткі тұтыну, сату және контрабандалық іс-қимылдардың заң жүзінде қарастырылған жаза түрлері, есірткі өнімін ұсынушылар, тасымалдаушылардан сақтану жолдары, сенім телефондарына және шұғыл әрекет ету тобына жүгіну ережелері бойынша сұрақ-жауап арқылы кең ауқымды мағлұмат берді.
Шара барысында «Психологиялық денсаулық сақтау орталығы» мамандарының қатысуымен Алматы қаласы полициясы департаментінің дайындаған синтетикалық есірткінің зияны және оларға деген тәуелділік туралы "Химиялық өлім" деректі фильмі көрсетілді.
![]() |
![]() |
![]() |