+7 (727) 267-28-83

есеп гл

2024 жылдың 26 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті арасындағы келісім шарт негізіндегі 03-29 маусым аралығында Шығыстану факультетінің «Шығыстану» мамандықтары бойынша 3-курстың 7 студент кітапхана базасында өндірістік тәжірибеден өту қорытындысы бойынша  қорғау болды.

Тәжірибе мақсаты: студенттердің алған теориялық және практикалық білімдерін ұштастыру, жеке тұлғаның болашақ кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Студенттер кәсіби өндірістік тәжірибеден өтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қорғау барысында студенттер өз жұмыстарының презентациясын көрсетіп, өндірістік тәжірибені сапалы ұйымдастырғаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасы әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызмет жетекшісі Маханбетова Гульмира Аблайханқызы студенттерге ақ жол тілеп, ізгі тілегін жеткізді, ұсынылған сауалдарға жауап берді.

Кітапханадағы өндірістік тәжірибенің жауапты Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Тұяқова Салима Токтасынқызы тәжірибеден өту барысында олардың жеткен жетістіктеріне тоқталып, қорытындылай келе студенттерге кітапхана шараларына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, тәжірибе бойынша ұсынылған есептерге  баға берді. Сондай-ақ, студенттер ой-пікірлерімен бөлісіп, кітапхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді.  

Студенттердің өндірістік тәжірибесін жоғары деңгейде уйымдастырған үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Нұрат Ілияс кітапхана қызметкерлерге және кітапхана басшыларына алғысын білдірді.

есеп 1   есеп 2   есеп 3