2024 жылғы 18 - 28 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі Құжаттарды қалпына келтіру қызметінің меңгерушісі Бағдәулетова Айгүл Нағашбекқызы тағылымдамадан өтті.
Құжаттарды ғылыми сақтау зертханасында А. Бағдәулетова кітапхана қорларын сақтау бойынша теориялық біліммен қатар құжаттарды биологиялық және физика-химиялық тұрақтандыру бойынша тәжірибелік дағдыларды да меңгерді: рН-ты анықтау, қышқылды бейтараптандыру және құжаттарды консервациялаудың мемлекеттік стандарттарымен танысты.
Қалпына келтіру және түптеу секторында А. Бағдәулетова құжаттарды қалпына келтіру және жөндеудің негізгі принциптері бойынша тәжірибелік дағдыларды: желім дайындау, кітап блогын өңдеу, жаңа түптеу мұқабаларын жасау және т.б. үйренді. А. Бағдәулетова тәжірибелік жұмыс барысында қалпына келтіру материалдарымен және құрал-жабдықтарымен танысып, өз бетінше кітап беттеріне қалпына келтіру жұмыстарын жасады.
Құжаттамалық мұраны сақтау бағытында алған білімі мен біліктілігі үшін А. Бағдәулетова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандарына алғысын білдірді.
А. Бағдәулетоваға құрылымдық бөлімдермен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, біліктілікті арттыру курсын оқығаны туралы сертификат табысталды.