11 шілдеде ҚР Ұлттық кітапханасының «Жас қалам» әдеби клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласыдағы Поэзия аллеясында (Жетісу ауданы) «Патриоттық тәрбиенің маңызы» атты поэзиялық кеш өтті.
Кешке ҚР Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары белсенді қатысып, өлеңдерін оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры, Халықараралық Түрксой ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі Мұратхан Шоқан жүргізді.