+7 (727) 267-28-83

зс гл

2024 жылғы 26 қыркүйекте директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Амангалиқызы және қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы қазақ тіліндегі "Жасыл сандыққа" - "Зеленый сундучок"қаржылық сауаттылық бойынша балалар ертегілерінің алғашқы жинағының тұсаукесеріне қатысты.

Қаржы сауаттылығы бойынша қазақ тіліндегі "Жасыл сандыққа" балалар ертегілерінің жинағы КСЖ Freedom Life  баспасынан шыққан, автор Давтян Каринэ, компанияның PR-менеджері. Кітап кішкентай оқырмандарды қаржы әлемімен таныстырады және бюджетті сауатты жоспарлау, ақшаны басқару, саналы қаржылық шешімдерді қолдану және т.б. дағдыларды қалыптастырады. 6-8 жастағы балаларға бейімделген ертегілер мен иллюстрациялар арқылы қаржылық сауаттылықты оқыту процесі қызықты әрі қолжетімді болады. Салтанатты іс-шарада Алматы қаласы білім басқармасының өкілі сөз сөйледі, ол қазақстандық мектептерде білім беруді және қаржылық сауаттылықты дамыту жоспарлары туралы айтты.                

АҚ Freedom Life КСЖ  Басқарма төрағасы Ердесов Азамат компанияның мемлекеттік бағдарламалардағы өмірді сақтандыру жобаларымен, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балаларға бағытталған әлеуметтік жобаларға қатысу туралы бөлісті.  ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Искалиева Нурия кітапхананың жастар ортасында оқуды дамытуға, ақпараттық мәдениетті арттыруға және кітапханаға жаңа оқырмандарды тартуға бағытталған қызметі мен жоспарлары туралы айтып берді.

Іс-шара барысында кітапхана қорына "Жасыл сандықша" кітабының 5 данасы  сыйға берілді, сондай-ақ  ҚР Ұлттық кітапханасы мен АҚ Freedom Life КСЖ  арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

"Жасыл сандықша" - "Зеленый сундучок" қаржылық сауаттылық бойынша балалар ертегілерінің алғашқы жинағы қала бойынша мектептерде тегін таратылады.

зс 1   зс 2   зс 3   зс 4