2024 жылы 30 қыркүйек ҚР Ұлттық кітапханасында кинотанушы, өнертану докторы Гүлнәр Әбікееваның «Тәуелсіз Қазақстан киносы. «Бұдан әрі біз бастаймыз!» («Кино независимого Казахстана. «Дальше действовать будем мы!») атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл соңғы 30 жыл ішінде Қазақстан киносы туралы (оның ішінде фестивальдік, коммерциялық және көрермендер көзайымына айналған туындылар туралы) толық мәлімет беретін алғашқы кинотанушылық еңбек.
Тұсаукесер рәсімінде Гүлнәр Әбікеева өзінің «Тәуелсіз Қазақстан киносы. «Бұдан әрі біз бастаймыз!» («Кино независимого Казахстана. «Дальше действовать будем мы!») атты кітабын таныстырым, құрылымымен, жазылу жолына тоқталды.
Шара аясында елімізге белгілі режиссерлер, кинотанушылар сөз сөйлеп Гүлнәр Әбікееваға алғыстарын айтты.
Шараға өнертанушылар, режиссерлер, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.