+7 (727) 267-28-83

08.11 гл

2024 жылғы 8 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР Жазушылар одағының және ҚР Журналистер одағының мүшесі, жазушы, өлкетанушы Кенжебек Сержанұлының «Ер мен ел» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл кітапта маңғаз өлке, майлы қиян Маңғыстау түбегінен шыққан, есімдері халық арасында кеңінен танылған біраз марғасқа тұлғалардың өмір тарихынан сыр шертіліп,қаһарман ерлердің ел алдындағы ерен істері баяндалған.

Шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының және Маңғыстау облысының әкімі Нұрләулет Игілікұлы Қилыбайдың құттықтау хаты оқылып, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Әбдешұлы Құлкеновтің құттықтау хатын ақын, әдеби кеңесшы Уәлихан Жайлау табыстады.

Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, көрнекті ғалым, парсы тілінің білгір маманы Ислам Ақмұратұлы Жеменей; мемлекет және қоғам қайраткері Жауғашты Жоланұлы Нәбиев; көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Қабиболла Сыдиықұлының зайыбы Гүлшат Омарқызы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті кинорежиссер Сергей Жұмабайұлы Әзімов; Республикалық Елдік халықтық кеңесі қоғамдық ұйымының төрағасы, академик, профессор Жасан Зекейұлы; Қабибола Сыдиықов Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының өлкетану секторының меңгерушісі Тәттігүл Қуанбаева сөз сөйледі.

Шара аясында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлкенің өрен қыраны» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ақын-жазушылар және т.б.

08.11 1   08.11 4   08.11 2   08.11 3
08.11 5   08.11 6   08.11 8   08.11 7